26 қазан күні Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Хабар агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр бастап келетін делегация құрамына үкімет мүшелері, трансұлттық компаниялардың жетекшілері мен шағын және орта бизнес өкілдері кіреді. Олардың басты мақсаты – Қазақстанда өндірістер мен жаңа жобалар ашу үшін әріптестерді табу. Астанада өтетін Қазақстан-Жапония бизнес-форумына қатысуға 100-ден астам жапон компаниясы ниет білдірді. Олардың қатарында сауда, көлік-логистика, инженерия және құрылыс салаларында істеп жатқан Мицубиши, Хитачи, Сумитомо сынды ірі кәсіпорындар бар. "Бүгінде біздің кәсіпкерлердің әріптестерінде жаңа заманауи инновациялық технологиялар жоқ. Ал жапон компаниялары үнемі алдыңғы қатарлы құрылғыларды қолданады. Сондықтан бұл отандық бизнесмендер үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Форумға қатысушылар шын мәнісінде инновациялық жобалармен таныса алады", - деді ҚР Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Қамалдинов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024