Экономика
Қ.Бишімбаев: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатып алатын кәсіби инвесторды іздеудеміз
Жекешелендіру барсында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттердің жылыстауынан құтылу үшін кәсіби инвестор іздейді. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" банктік қызмет саласында және құрылыс жинақ саласында тәжірибесі бар стратегиялық инвестор немесе білікті кәсіби инвестор керек. Бұл тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіне сенімділікті сақтауға көмектеседі. Әйтпесе біліксіз инвестор депозиттердің жылыстауы мен жүйенің күйреуіне әкеп соғады",- деді Қ.Бишімбаев. "Егер ондай инвестор табылмаса, бізактивтерді жекешелендірудің жалғасты жұмысын анықтау үшін директорлар кеңесіне ұсыныспен шығатын боламыз", -деп қосты ол. Сонымен қатар, Қ.Бишімбаев "Бәйтерек" холдингімен бірге 4 компанияның да жекешелендірілетінін айтты. Олар: "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» және Қазақстанның инвестициялық қор активтері. Фото:kaz.gazeta.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024