Алматыда 2015 Korea Kazakhstan New Silk Road Plaza бизнес форумы өтті. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдік экономика күрделі жағдайда тұр. Ол қиындықтан Корея мен Қазақстан да тыс қала алмайды. Қазір екі елдің де алдында тұрған мақсат экономикалық ықпалдастықтың баяулауына жол бермеу. Өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кореяға жұмыс сапарымен келді. Сол кезде экономикалық форум өтті. Онда да осы мәселелер талқыланып, форум аясында бірқатар келісімдер мен контрактілерге қол жеткізілді. Осы жолы келер жылға қандай салада ықпалдастықты дамытуды ойластыру үшін келдік», - деді «Kotra» сауданы дамыту агенттігінің коммерциялық атташесі Джонг Уэ Ёнг.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 60 кореялық компания жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Корея компанияларының өкілдіктерінің зауыттары ашылған және Қазақстан экономикасы үшін 200 млн доллар инвестиция салынды.
Жиынға 25 оңтүстік кореялық компания мен 40 қазақстандық компания өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бизнес форумды өткізу арқылы күрделі экономикалық ахуал жағдайында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың басқа да қырларын ашу көзделген. Оңтүстік Кореялық бизнес Қазақстанда құрылыс, сәулет саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.
Фото: inform.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024