Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Су-24 жанжалы: Ресей Түркияға қалай жауап береді?

Су-24 жанжалы: Ресей Түркияға қалай жауап береді?

Ресей Федерациясы түркия-сирия шекарасында ресейлік Су-24 әскери ұшағы атып түсірілгеннен кейін Түркия мемлекетімен бизнес жоспарларды жойып, әскери ынтымақтастықтан бас тартпақ. Бұл Ресей мен Түркияның сауда қарым қатынасына ғана әсер етіп қоймай, экономикалық байланыстың үзілуіне әкеп соғады. 

Ресейдің Түркияға қарым-қатынасы қатаң болады

Ресейдің Анкараға қатысты шешімдері қатаңданып, аталған оқиға түрік-ресей қарым-қатынасына кері әсерін тигізуе. Өз кезегінде ресейлік "Газпром" "Түрік ағыны"  атты газ құбырын тарту жобасының мақсатты түрде жүзеге асырылуына күмән келтіріп отыр.

Бұдан бөлек, екі ел арасынағы энергетикалық келісім "Түркиялық Аккай АЭС" құрылысына қауіп төндіруі мүмкін. Келісім-шарттың жалпы құны 22 млрд долларды құрайды.

Ал Түркия мемлекеті Босфор мен Дарданелла бұғазындағы ресейлік сот ісін және Сирияның Хмеймим әуе базасын жабдықтауды шектеуі мүмкін. Алайда 1936 жылғы Монтре конвенциясына сәйкес, Анкара тек соғыс қаупі төнген жағдайда ғана келісімнен бас тарта алады. Сондай-ақ, шектеу қойылған күннің өзінде теңіз арқылы сауда жалғаса береді.

Ресей Президенті Владимир Путин әскери ұшаққа жасалған шабуылды "ту сыртымыздан ұрылған пышақ" деді. Оның айтуынша, әскери ұшақтың көзін жою Мәскеу мен Анкара арасындағы қарам-қатынасқа барынша зардабын тигізеді.

Екі ел арасындағы тауар айналымы қысқаруда

Аталған оқиға екі ел арасындағы көлемі 44 млрд долларды құрайтын тауар айналымына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ресей мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2014 жылы $31 млрд долларды құрады.

Осыдан екі ай бұрын Туркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Мәскеуге сапары кезінде 2023 жылға дейін ресей-түрік сауда айналымы 100 млрд долларға жету керек деген мәлімдеме жасаған еді. Себебі Түркия өзін Ресейдің экономикалық серіктесі ретінде таныған болатын.

12308884_742052662591747_1438603808_n

«Ресей мен Түркия арасындағы сауда қарым қатынасы жақсы еді. Қиын жағдайлар болған емес", -дейді Ресей экономикалық мектебі қолданбалы зерттеу бойынша директоры Наталья Волчкова. 2015 жылдың наурыз айында Түркияның экономика министрінің орынбасары Аднан Йылдырым күн тәртібінде Ресей мен Түркия арасындағы еркін сауда жасау мәселесі тұрғанын айтқан. Ал осыдан бір ай бұрын Ресейдің эконмикалық даму министрі Алексей Улюкаев қызмет көрсету және инвестиция бойынша еркін сауда жасау аясында келісім-шарт жасалып жатқанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, әсери ұшаққа жасалған шабуылдан соң Россельхознадзор түркиялық құс еттерін өндіруші Standart Gida Sanayi ve Ticaret Anonim Sirkorti кәсіпорнының өнімін тасымалдауға шектеу қойды. Олардың айтуынша, кәсіпорын өнімдерінен адам ағзасына зиянды бактериялар табылған.

Өнімге қойылған шектеу 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Ал осы күнге дейін тасымалданған тауарларға зертханалық бақылау күшейтілді.

Түркияның 16 кәсіпорны Ресейге құс етін тасымалдау құқығына ие. Қазір олардың алтауы ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін жабылған.

Экономикалық ахуал

Наталья Волчкованың сөзінше, Түркия мемлекеті Еуразиялық экономикалық одақтың келешегіне әсер етуші басты кандидаттардың бірі еді. «Мемлекет соңғы 30 жылда өте жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарында. Бұл ел біз сияқты Еуропа мен шығыс экономикасын түйістіріп отыр. Тарихи тұрғыдан және шекаралық маңызы бар сенімді серіктес", - дейді ол. Бірақ алдағы уақытта өзера инвестициялардың қысқару қаупі төніп тұр. Себебі күтпеген жерден болған мемлекетаралық қақтығыстар бизнестің құлдырауына әсер етеді. Ресей статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Түркия 2013 жылы ресей экономикасы үшін 496 млн доллар инвестиция салған. Ал Түркия экономикасы үшін ресейліктердің салған инвестициясы 1,75 млрд долларды құраған.

Энергетика байланысы

Жалпы Ресей мен Түркия елін энергетика өндірісі байланыстырады. Ресей 2014 жылы Түркияға 27,3 млрд метр куб (60%) газ тасымалдады. Осы жылы «Газпром» мен Botas түрік компаниясы Қара теңіз арқылы "Түрік ағыны" газ құбыры құрылысын бастау туралы меморандумға қол қойған. Алайда газ құбырының құрылысы Түркиядағы сайлау әсерінен және бағаға байланысты үкіметаралық келісімде түрлі көзқарас болғандықтан басталмаған. Сондайақ, Ресей қыркүйек айының соғында сириялық кампанияға қосылғаннан кейін бұл мәселе қайта қаралған жоқ.

12308995_742072719256408_1416186694_n

Туризмге келетін шығын

Сонымен бірге Ресей билігінің ресейліктердің Түркияға баруға шектеу қоюы түркі елдеріне оңайға түспейді. Себебі тауар айналымынан бөлек, Түркияға жылына  миллионнан астам ресейліктердің демалуға келуі және оларға қызмет көрсету мемлекет пайдасын арттыратын. Мысалы 2014 жылы түрік елінің ресейліктерге көрсеткен қызметі үшін мемлекеттің туризм саласы 9,7 млрд доллар қаржыға ие болды. Дегенмен Түркиялықтардың қиындыққа шыдауына тура келеді. Өйткені кешегі күннен бастап Ресей террорлық қауіп бар деген шешіммен ресейлік туроператорларға Түркияға жолдаманы сатуға тыйым салды.  Бұдан бұрын Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров туристерге Түркияға барудан бас тарту керектігін айтқан болатын.

Ақпараттық шектеулер

2011 жылдан бастап Түркияда ақпарат көзі "Яндекс" компаниясы жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, компания қызметін ТМД елдері арасында ең бірінші Түркияға ұсынды. Осы уақытқа дейін компанияның жергілікті аймақтардағы үлесі 4–5%-дан аспаған. Сол себепті 2015 жылдан бастап Яндекстің Түркиядан кететіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда 2015 жылдың жазында аталған компания «Фенербахче» футбол клубымен келісім жасап, үш айдың ішінде өз үлесін 7%-ға арттырды. Осыдан соң "Яндекстің" негізін салушылардың бірі Аркадий Волож стартап жоба ретінде Түркияда жаңа бизнесті бастауды қарастырып жатқанын және оған сол елдің инвесторларын тартатыны туралы айтқан болатын. Дегенмен сейсенбі күні Ресей мен Түркия арасындағы оқиғадан соң бұл келісімнен бас тартты. Түркияданың телеком нарығында  ресейлік «Альфа-Групп» құрылымы арқылы Alfa Telecom Turkey Ltd. жұмыс істейді. Ол түркиялық ең ірі Turkcell операторының 13,22% үлесін иемденеді және алдағы уақытта үлесін арттыруды жоспарлаған болатын.

Әскери-техникалық ынтымақтастық

Бас штаб өкілі сейсенбі күні кешке Түркиямен әскери байланыс тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Екі ел арасындағы эскалацияға дейін Ресей Түркияға танктерге қарсы «Корнет-Э» ракеталарын, және Ми-17 тікұшақтарын жеткізіп отырды. Сондай ақ, түріктер әуе қорғанысын алыстан бақылайын «Антей-2500» жүйесіне қызығушылық танытқан.

Дегенмен Ресейдің шығыстану институтының қызметкері Александр Васильевтің сөзінше, Түркия қару жарақ  экспорты бойынша Ресейдің стратегиялық серіктесі емес. Екі ел арасындағы ең үлкен келісім 1993 жылы болған. Ол кезде жандармдарға қажет болғандықтан 21 Ми-8 тік ұшағы және танктерге қарсы ракеталар Ресейден алынған. Сондай-ақ түрік әскері ресейлік Калашников және БТР автоматтарын пайдаланады.

Фото: РБК

Похожие материалы