Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. "Біздің дағдарысқа қарсы жүйеміз үш қарапайым түсінікпен бірдей. Олар: өсу, реформалар және даму",-деді Н.Назарбаев. "Бірінші ол - өсу. Бұл ең алдымен экономикалық өсу болып табылады. Осы тапсырмаға сәйкес, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына келтіру үшін экономикалық өсуді қалпына келтіру керек",- деді Мемлекет басшысы. Екінші түсінік - реформалар. Бұлар, Президенттің айтуы бойынша, қоғам мен мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
"Біз қазір "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асырудамыз. Олар маштабы жөнінен біз 90 жылдары басымызан кешірген үлкен реформалармен сәйкес келеді",- деді ол.
Үшінші түсінік -даму. Мемлекет басшысы 21 ғасырда, дамудың негізгі факторы қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту болып табылады деп түсіндірді.
"Біз жалпыға ортақ еңбек қоғамының принциптері бойынша барлық мемлекеттік және жеке мекемелер түрлендіру бойынша ауқымды жұмыс істеп жатырмыз", -деді Мемлекет басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024