Экономика
Келесі жылы мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30-ға өседі
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласындағы еңбекақы орта есеппен 28%-ға, білім беру саласындағы-29%-ға, әлеуметтік қорғау саласындағы 40%-ға көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Келесі жылдан бастап мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы және шәкіртақы мөлшері 25%-ға артады",- деді Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы 30 %-ға көтеріледі.
"Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі нәтижесінде қазақстандықтардың сәбилерінің көбеюінің нәтижесінде, Қазақстан халқының жыл сайын өсуінің нәтижесінде, денсаулық сақтау мәселесінде тұңғыш рет қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жастан асты. Мұны ең негізгі жетістік деп санауға болады. 10 жылдың ішінде 64 жастан 72 екіге дейін бүкіл халықтың орташа өмірін ұзарту ешбір елдерде кездеспеген шығар. Мемлекет қандай жағдайларда да әлеуметтік міндеттемелерін шашауын шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетті өркендетуге қол жеткіздік", - деді Елбасы.
Фото: bnews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024