Халықаралық валюта қоры қытай юанын резервті валюта қоржынына қосты, деп хабарлайды LS.
Қытай валютасымен қатар аталған тізімде АҚШ доллары, еуро, британдық фунт-стерлинг пен жапондық йен бар. Юань 11 пайыздық үлесімен резевті валюта қоржынында доллардан кейін екінші орында тұр.
Айта кетейік, резервті валюта қоржыны соңғы рет 1999 жылы өзгертілген. Ол кезде резервті валюта қоржынынан француз франкы мен неміс маркасы алынып, еуро қосылған.
"Юаньді резервті валюта қоржынына қосу шешімін халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі қабылдады. Бұл – Қытай экономикасының жаһандық қаржы жүйесіне бірігуіндегі аса маңызды қадам. Сондай-ақ, Қытай билігінің соңғы жылдар ішінде өзінің валюта және қаржы жүйесін реформалаудағы жетістігін білдіреді", - Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.
Фото: reactor.inform.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024