Экономика
Асылжан Мамытбеков: Қазақстан Ресей нарығында түрік тауарларын алмастыруға дайын
Ресейде түрік тауарларына тыйым салынуына байланысты, қазақстандық ауыл шаруашылығы көрші мемлекеттің сұраныстағы тауарларын жеткізуге дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі.
Ресей 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Түркиядан келетін бірқатар тауарларды еліне кіргізуге тыйым салды. Олардың қатарында тауық және үндік өнімдері, жаңа піскен және қатырылған қызанақтар, пияз, қырыққабат, қияр, жаңа піскен және кептірілген апельсин, мандарин, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхор, құлпынай және бүлдірген бар."Біздің шаруалар сұранысқа ие болатын қажетті өнімді жеткізетін болады. Егер Ресей нарығында қосымша сұраныс туындаған жағдайда, біздің шаруалар өз өнімдерін осы нарықта сатуға дайын", — деді Мамытбеков.
Айта кетейік, 24 қараша күні түрік әскері Ресейдің Су-24 әскери ұшағын атып түсіргеннен кейін Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы күрделеніп кетті.
Фото: www.kursiv.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024