Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуро-2 және Еуро-3 санатындағы жанармай Қазақстанда тағы екі жылдай қолжетімді болады

Еуро-2 және Еуро-3 санатындағы жанармай Қазақстанда тағы екі жылдай қолжетімді болады

Еуро-2 және Еуро-3 сапалы бензин қазақстандық нарықта 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолжетімді болады. Осыған дейін, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бұл сападағы жанармайдан бас тартуы керек еді. Өзгертулер Еуразиялық экономикалық комиссия(ЕЭК) кеңесімен енгізілді. Бұл туралы LS хабарлайды.

ЕЭК кеңесі автомобиль және авиациялық отынға қойылатын талаптарға қатысты ЕурАзЭҚ техникалық регламентіне түзетулер енгізді деп хабарлайды. "Қазақстан аумағындағы Еуро-2, Еуро-3 экологиялық сараптағы автомобиль және дизельді отынды, ауыл шааруашылығы және жол талғамайтын техникаларға арналған дизель отынын пайдалану мерзімі ұзартылды",- делінген хабарламада. ЕурАзЭҚ-тың басқа елдері Ресейде 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін Еуро-4 бензині айналымда болады. Арменияда Еуро-3, Еуро-4 2016 жылдың соңына дейін қолжетімді. Сонымен қатар, Қырғызстанда Еуро-2 және Еуро-3 сапалы бензин 2017 жылдың соңына дейін қолданылады. Фото: rbc.ru

Похожие материалы