Экономика
Тауарлардың бағасын көтергені үшін саудагерлерге 20,5 млн теңге айыппұл салынады
Қант, тауық еті және жұмыртқа бағасын негізсіз өсіргендері үшін сатушыларға жалпы сомасы 20,5 млн теңгені құрайтын айыппұл салынады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин.
«Алматы және Павлодар облыстарында қант және тауық етін сататын базарларда жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша бағаны негізсіз көтерген субъектілер үш млн теңгеден астам сомада әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тауық еті, қант, жұмыртқа сияқты азық-түлік бағасын негізсіз өсіру фактілері анықталды. Бұл материалдар бекітілгеннен кейін сотқа жіберіледі», - деді ол.
Монополияға қарсы жауап қайтару шараларын қабылдау аясында 75 тексеру тағайындалды. Олардың 23-і жанар-жағармай материалдары бойынша, азық-түлік тауарлары бойынша – 48, дәрі-дәрмектер бойынша – 4.
Қазіргі таңда бағалық келісім үшін айыппұл санкцияларының көлемі шағын және орта бизнес субъектілері үшін негізсіз алынған табысты тәркілеумен кірістің 3%ын, ірі бизнес үшін - 5%-ды құрайды.
Фото: nurotan.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024