Kaspi Bank-тің дәстүрлі «Kaspi зертханасы» жобасы биыл да жалғасын тапты. Сенбі күні банктің бас кеңсесінде жобаға қатысқан студенттерге сертификат тапсырылды.
«Kaspi зертханасы» жобасы 2014 жылы басталған болатын. Жобаның мақсаты – data mining, big data және мәліметтер базасын құру бойынша мамандар дайындау. «Бұл – әлеуметтік жоба. Біз мәліметтер базасы бойынша Қазақстанда жетіспейтін мамандарды дайындауды қолға алдық. Басты мақсатымыз – креативті қызметкерлер дайындау. Биылғы жылы сегіз техникалық университеттің студенттері қатысты. Университетте толық аяқталмаған курстарды студент осы жоба арқылы аяқтай алады. Клиенттерге тиімді болу үшін мәлімттер базасын құруға бейімделеді», - дейді Kaspi Bank-тің Сараптама және мәліметтерді қолдану департаментінің директоры, жоба оқытушыларының бірі Думан Уватаев. Жобаға биылғы жылы 500-ден аса студент өтініш берген. Іріктеу бойынша 40 студент таңдалып алынып, оның 28-і толық курсты аяқтап отыр. Жобаның тағы бір ерекшелігі - «Kaspi зертханасы» бағдарламасының курсын толық аяқтап, үздік деп танылған студенттерді «Kaspi Bank» жұмысқа алады. «Бұл әлеуметтік жоба болғандықтан, біз тек сертификат тапсырумен ғана шектелмейміз. Бағдарлама бойынша толық курсты аяқтағандар және үздік нәтиже көрсеткен студенттер жұмысқа қабылданады. Мысалы былтыр курста оқыған 4 студент, биыл 4 студент жұмысқа орналасты. Біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз», - дейді Kaspi Bank-тің басқарушы директоры Павел Миронов. Айта кетейік, data mining, big data және мәліметтер базасын құру салаларын әлемдік ірі компанияларда кеңінен қолданады. Бұл салалардың басты міндеті - үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу. Мысалы: миллиондаған адам туралы ақпараттың ішінен санаулы минутта қажетті адамды табу немесе миллиондаған адамның ішінде қажетті аудиторияны тауып, оларға қажетті өнімді ұсыну. Kaspi Bank-тің жобасына бизнес сараптама саласындағы әлемдік көшбасшы SAS компаниясы қолдау көрсетіп, мамандары қатысушыларға дәріс өткен. Марапаттау шарасында студенттер Kaspi Bank-тің және SAS компаниясының сертификатына ие болды. [caption id="attachment_29156" align="alignnone" width="960"] "Kaspi зертханасы" жобасының қатысушылары[/caption] «Бұл жоба аясында екі ай дәріс алдық. Жобаның алға қойған мақсаты өте жақсы. Бизнес сараптама, мәліметтер базасы Қазақстанда енді дамып келе жатқандықтан, біз сияқты студенттерді алдын ала оқытып, жаңа кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қос бірдей жетекші компанияның берген білімі мен сертификат бойынша жұмысқа да жылдам орналасып кетуге болады», - деді Алматы энергетика және байланыс Университетінің 4-курс студенті Назым Мыңбаева. Биылғы жобаға қазақстанның ірі сегіз оқу орны -ҚазҰУ, ҚазҰТУ, ҚМЭБИ, AIPET, ҚБТУ, ХАТУ, SDU мен AMU студенттері қатысты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024