Қазақстандықтардың шетел валюталарына сұранысы төмендеді. 2015 жылдың қазан айында ақша айырбастау пунктері қыркүйек айымен салыстырғанда долларды 22,4%-ға, рубльді 16,5%-ға, еуроны 8,8%-ға аз сатқан. Бұл туралы LS хабарлайды.
ДолларАҚШ валютасының қазан айындағы сатылымы қыркүйек айымен салыстырғанда қысқарған. Қыркүйекте 1,52 млрд доллар сатылса, қазан айында 1,18 млрд доллар сатылды.
2015 жылдың басынан бері 14,2 млрд доллар саудаға шығарылды. Осы кезеңде ақша айырбастау пунктері 2,1 млрд долларды жүзеге асырды.
РубльОсы жылдың қазан айында қазақстандықтар 12,48 млрд рубль сатып алды. Бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,47 млрд рубльге төмен.
2015 жылдың басынан бері ақша айырбастау пунктері арқылы 197,21 млрд рубль жүзеге асырылды. Сонымен қатар ең жоғарғы айлық сатылым көрсеткіш 29,48 млрд рубль болды.
ЕуроЕуроның сатылымы қазан айында 93,2 млн еуро болды. Бұл көрсеткіш қыркүйекте 102,2 млн еуро болған еді.
Қазақстандықтар жыл басынан бері 998,44 млн еуро сатып алған. Ең жоғарғы сатылым көрсеткіші 127,4 млн еуро болса, ең төменгі көрсеткіш тамыз айында 79,5 млн еуроны құрады.
Фото: km.ru
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024