Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қ. Бишімбаев: "Бәйтерек" АҚ бойынша салық түсімінің көлемі 40 миллиард теңгеге жетті

Қ. Бишімбаев: "Бәйтерек" АҚ бойынша салық түсімінің көлемі 40 миллиард теңгеге жетті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қ.Бишімбаев  кездесу барысында президентке холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнестің 10 мыңнан астам субьектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар, ол бүгінде жалға берілетін әлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілгенін, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мыңға дейін жеткізілетінін айтты.

Сондай-ақ, ол холдингке инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіру және мұнай өңдеу, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Қ.Бишімбаев үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа елдердің бағдарламаларының үлгісімен әзірленген «Бәсекелестік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындыларын баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдау алып, әзірлеген бастамаларын енгізумен айналысуда.

Фото: akorda.kz

Похожие материалы