Украинаның монополияға қарсы агенттігі Қазақстан азаматына "БТА Банк" (Украина) акционерлік қоғамдастығының 50%-дан астам акциясын сатып алуға рұқсат берді. Бұл туралы Украинаның монополияға қарсы агенттігіне сілтеме жасап Forbes.kz хабарлайды.
Басылымның жазуынша, "БТА Банк" (Украина) акцияларын сатып алушы Қазақстан Республикасының азаматы Кеңес Рақышев. Келісім-шарттың мазмұны толыққанды хабарланған жоқ. "Кеңес Рақышев акцияларын сатып алуды жоспарлап отырған субьект және акцияны сатып алу бағасы туралы ақпарат құпия деп бағаланады",-деп атап өтті монополияға қарсы комитеттен. Украиндық БТА Банктің сайтында жазылған ақпарат бойынша, 2015 жылдың 30 қазанында бұл қаржы институтының 50,007% акциялары Украина азаматы Андрей Левковскийге, 49,9883%-ы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға тиесілі болған. Сондай-ақ тағы 20 жеке тұлға банктың жарғы капиталындағы аз үлеске ие. Фото:forbes.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024