Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың 8 қарашасында Халықаралық сауда палатасының жанындағы Төрелік трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» (бұдан әрі – «Талапкер») түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы берген барлық талаптарын қабылдамау бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
2015 жылғы наурыз айында «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлестікте «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ның құрылтайышысы болып табылатын Талапкер Қазақстан Республикасына қарсы төрелік процеске бастама жасады.
2018 жылғы 4 шілдеде Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасында негізгі тыңдаулар өтті.
Талапкер Атырау халықаралық әуежайын құру арқылы жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асырды деп Қазақстан Республикасын айыптап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Талапкердің «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ға салған қосымша инвестицияларын өтеуі керек деп талап етті.
Талаптардың сомасы 16 млн. АҚШ долларын және пайыздар мен төрелік шығындарды құрады.
Тараптардың дәлелдердін зерделеп, Трибунал Талапкердің барлық талаптарын қабылдамай тастады. Трибуналдың қорыта айтқаны, Қазақстанның мемлекеттік органдары жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша, сондай-ақ Талапкерге қосымша инвестицияларды қайтаруда кедергі жасап, ешқандай әрекет жасамады.
Сонымен қатар, Төрелік трибуналдың атап өткені, қазақстандық сот жүйесі шетелдік инвесторлардың құқықтарын бұзбай, заңдылық және әділдік қағидаттарына сәйкес әрекет етті.
Бұдан басқа, Трибунал Қазақстан Республикасының Талапкерге қосымша инвестицияларды өтеу бойынша қандай да бір міндеттемелері жоқ деп қаулы етіп, Қазақстан шетелдік инвестицияларды қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерін толықтай орындады деген қорытындыға келді.
Осылайша, Трибунал Талапкер шамамен 500 000 АҚШ долларын құрайтын сомаға жұмысты ұйымдастыру үшін жұмсалған және төрелік шығындарды көтеруі керек деп қаулы етті.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, төрелік трибуналдың шешімі Қазақстанның аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау саясатын бұрынғыша ұстанатын Қазақстан Республикасының позициясын толықтай растайды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024