30 ел Астана қаласында өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындықтарын растады деп хабарлайды 365info.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді. "ЭКСПО-2017 комиссары ретінде мен көрмеге қатысатын елдерді жұмылдыру жұмыстарымен айналыса беремін. Бүгінде 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым қатысатындықтарын растады. 8 ел өз комиссарларын бекітіп те қойды", - дейді ол. Оның айтуынша, жылдың соңына дейін тағы да 30 елді аралап, олардың келісімін алу жоспарланып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024