АҚШ-тың Федералды резервті жүйесінің Ашық нарықтағы операция бойынша комиеті базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы комитет таратқан хабарламада жазылған. Негізі мөлшерлеме 2008 жылдан бері 0-0,25% деңгейінде тұрған еді. Енді 0,25-0,5% аралығында құбылып тұрады деп жазады РБК.
ФРЖ басшысы Джанет Йеллен мөлшерлеме бір жыл бойы көтерілуі мүмкін екендігін де ескертті. Бұған АҚШ экономикасының қайта қалпына келуі себеп болды. Елдегі жұмыссыздық деңгейі Еңбек статистикасы бюросының соңғы мәліметі бойынша, 5% деңгейінде тұр. Инфляция деңгейі әзірге ФРЖ бекіткен 2% деген көрсеткішке жете қойған жоқ. Комитет мөлшерлемені көтеру туралы бірауыздан шешім қабылдады. "Комитеттің болжамынша, экономикадаға жағдайдың өзі мөлшерлемені біртіндеп көтеруді қажет етеді",- деп хабарлайды FOMC. Мөлшерлеменің көтерілуі қор нарығына айтарлықтай үлкен өзгеріс әкелген жоқ. Америкалық S&P қор индексі бір күн бойы төмендеп, шешім шығардан бұрын көтерілген. Комитет хабарламасынан кейін күрт құлдырап, кейінірек қалпына келді. Brent маркасындағы мұнай бағасы бір күн бұрын 3,3%-ға арзандады, бірақ мөлшерлеменің көтерілуі қара алтын құнына әсер ете қойған жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024