Экономика
2015 жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,6 млрд долларға өсті
Шұғыл деректер бойынша 2015 жылғы қарашада Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4%-ға, яғни 28,6 млрд долларға дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.
"Көрсеткіш жыл басынан бері 2,1%-ға төмендеген. Ал банктің таза халықаралық резервтері 0,5%-ға 27,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 1,7%-ға төмендеу) ұлғайды. 2015 жылғы қарашада таза валюталық қорлар (ЕАВ) 3,5%-ға өсіп, алтындағы активтер 7,0%-ға төмендеді", - делінген ҰБ баспасөз баяндамасында. Сондай-ақ, 2015 жылғы қарашада Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, еліміздің халықаралық резервтері (64,2 млрд. АҚШ доллары), шұғыл деректер бойынша, 0,6%-ға 92,8 млрд долларға дейін (жылдың басынан бері 9,4%-ға азаю) ұлғайды. 2015 жылғы қарашада ақша базасы 3,0%-ға кеңейіп, 4816,2 млрд. теңгені (жылдың басынан бері 41,1%-ға кеңею) құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 3,0%-ға 4704,6 млрд теңгеге дейін өсті. 2015 жылғы қарашада ақша массасы 5,8%-ға 16684,4 млрд теңгеге дейін (жылдың басынан бері 30,2%-ға ұлғаю) ұлғайып, айналыстағы қолма-қол ақша 0,9%-ға 1190,2 млрд теңгеге (жылдың басынан бері 6,1%-ға ұлғаю) қысқарды, банк жүйесіндегі депозиттер 6,3%-ға 15494,2 млрд теңге (жылдың басынан бері 32,5%-ға ұлғаю) болды. Ақша массасының құрамындағы депозиттер үлесі 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы қаңтар-қарашада белгіленген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2015 жылғы қарашада 92,9%-ға ұлғайды. Фото: khabar.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024