«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы 400 млн доллар көлеміндегі Citibank, ING Bank және Natixis халықаралық инвестициялық банктерінен алынған синдикатталған қарызды мерзімінен бұрын өтеді, деп хабарлайды оператордың баспасөз қызметі.
"Бұрын, шетелдік валютадағы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге бағытталған жұмыстар шеңберінде, «ҚазТрансГаз» АҚ жалпы сомасы 270 млн АҚШ долларына еврооблигацияларды кері сатып алуды жүзеге асырған болатын. Қолма-қол есеп айырысу арқылы еврооблигацияларды кері сатып алу жөніндегі мәміле қазақстандық нарық үшін бірегей болып табылады және бұрын отандық компаниялар мұндай транзакцияларды жүргізбегенін атап өткен жөн", - делінген компания хабарламасында. Осылайша, «ҚазТрансГаз» АҚ 2015 жылы борыштық ауыртпалықты азайтуға бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізді, соның нәтижесінде компаниялар тобы бойынша борыштық міндеттемелерді 1 млрд доллардан 300 млн долларға дейін, яғни үш есеге азайтудың сәті түсті. «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Фото: radiotochka.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024