Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Қазақстан Республикасының үкіметі және ШҚО әкімшілігі Семей қаласында заманауи, тиімді коммуналды қызметтерді құру үшін 10 млрд. теңгеден аса инвестиция салады. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық жылу беру жүйесін жаңғыртуға ЕҚДБ «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына 3 млрд. теңге несие бөледі. Осыған қоса заманауи қуат үнемдеу технологияларын енгізу үшін Банк халықаралық Таза технологиялар қорынан 6,4 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы тартады. Қазақстан үкіметі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 3,1 млрд. теңге жеңілдетілген қаржыландыру бөліп отыр. Сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту үшін Банк «Семейводоканал» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына 1 млрд 156 млн теңге несие береді. ҚР Үкіметі 925 млн теңге инвестициялық грант, ал ШҚО әкімшілігі 231 млн теңге грант бөледі. Инвестициялар кәсіпорындарға сорғыш станцияларын жаңартуға, тозған жылу және су жүйелерін жаңғыртуға, заманауи құрылғылар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін сатып алып, орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қуат тиімділігін арттыру және экологиялық стандарттарды жақсарту мақсатында су және жылу тұтынуды есептеу құралдарын орнату бағдарламасын жалғастыруға және ресурстарды пайдалануды азайтуға, шығындарды шектеуге көмектеседі. Фото: teplonaladka.od.uaПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024