Француздық Danone компаниясы Ресейдегі 2 зауытын жабады. Томск және Чебоксары қалаларындағы кәіпорындар жұмысын тоқтатады деп хабарлайды "Известия" газеті.
Компанияның мәлімдеуінше, компания зауыттарын жабуға олардың технология жағынан тозуы, тиімділігінің және сатылым көлемінің төмендеуі себеп болған. "300 адам қысқартылады. Бірақ оларға берілетін төлем Ресей Федерациясының еңбек заңнамасындағы жазылған көлемнен жоғары болады", -деп атап өтті компания басшылығы. Чебоксары қалалық сүт зауытының қуаты Қазандағы кәсіпорынға жіберіледі. Басылымның атап өтуінше, бұл зауыт Чувашиядағы ең ірі сүт өндіруші ретінде танылып, тәулігіне 250 тонна өнім шығарған. Ал "Томск" сүт зауыты - қаладағы жалғыз сүт өңдеуші кәсіпорын. Ол тәулігіне 100 тоннаға жуық өнім шығарады. Фото:vesti.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024