Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Красножанның құны

Красножанның құны

Еліміз ФИФА рейтингінде 129-орын иеленеді. Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Красножан жылына 2 млн доллардан астам табыс табады. "Караван" басылымы оған неге осынша миллион төленетіндігі және оның қаншалықты  нәтиижелі екендігін анықтады. 

Юрий Красножан 2014 жылдың қысында Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Саян Хамитжановпен келісім-шартқа отырып, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы деген қызметке тағайындалды. 2 жылға бекітілген келісімде көптеген маңызды жайттарға тоқталған. Құжат бойынша, бас жаттықтырушы тек қана "қазіргі құрама команданың позициясы мен тактикасына" ғана емес, "құрамадағы ойыншылардың футбол қауымдастығы тарапынан негативті көзқарас тудыруы мүмкін моральға жат қылықтары үшін де" жауап береді. ФФҚ өз кезегінде тек қана жалақыны әр айдың 10-жұлдызынан кешіктірмей төлеуі, бас жаттықтырушының қызметін БАҚ-та сынға алмауы және ел заңнамасы бойынша қарастырылған еңбек төлемдерін толығымен төлеуі қажет. Келісім-шарттың басты пункті - "Қаржылық жағдай". Себебі құжатта жазылған қаржы көлемі теңге девальвациясы кезіндегі әрбір адамды таңқалдыруы мүмкін. Қазақстанның Футбол федерациясы құраманың бас жаттықтырушысына 2 млн 700 мың доллар көлемінде қаржы тағайындады. Ал 2014 жылы ол келесі график бойынша төленуі керек: - Соманың 50 пайызы немесе 1 млн 350 мың доллар тез арада келісім-шартқа қол қою кезінде төленеді. - Қалған 50 пайыз әр ай сайын 112 500 доллар көлемінде төленіп отыруы тиіс. 2015 жылы да қазақстандық құраманың бас жаттықтырушысы келісім-шарт бойынша дәл осындай сомада жалақы алды. Тек әр ай сайын 225 мың доллардан төленеді. Еңбекақысы маманға ФФҚ кассасы арқылы немесе қазақстандық банкте ашылған есепшотына аударылу арқылы төленеді. Бұл қаншалықты көп? Еліміздің бас жаттықтырушысына 2,7 млн доллардан төлену қаншалықты дұрыс? 2014 жылы Бразилиядағы футболдан Әлем чемпионаты басталмас бұрын британиялық Daily Mail 32 құраманың жаттықтырушыларының жалақысын есептеп шығарған еді. Сома фунтпен көрсетілген, бірақ "Караван" оларды доллармен көрсетеді. Нәтижесінде өз командаларын әлем чемпионатына алып шығарған мамандардың тек 7-нің ғана жалақылары 2,7 млн доллардан асатындығы белгілі болды:  Фабио Капелло (Ресей құрамасы – 6,2 миллион), Рой Ходжсон (Англия құрамасы – 5,39 миллион), Чезаре Пранделли (Италия құрамасы – 4 миллионнан аз), Луис Фелипе Сколари (Бразилия құрамасы – 3,5 миллион), Отмар Хитцфельд (Швейцария құрамасы – 3,34 миллион), Йоахим Лёв (Германия құрамасы – 3,3 миллион) және Висенте дель Боске (Испания құрамасы– 3,1 миллиона). Ал Луи ван Гал, Альберто Дзаккерони, Юрген Клинсманн, Дидье Дешама Оскар Тарбарес, Вахид Халилходжич, Хорхе Сампаоли, Марк Вильмотса және құраманы финалға шығарған аргентиналықтардың жаттықтырушысы Алехандро Сабельи 2,7 млн доллардан аз алады. Соңғы ай бойы Ю.Красножанның ФФҚ-мен келісім-шартына қатысты түрлі ақпараттар тарап жүр. Sports.kz жазуынша, 23 желтоқсанда Оралдағы кездесу кезінде Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов қазіргі жаттықтырушымен келісім-шарт ұзартылмайды деп мәлімдеген. Әлі бірнеше күн Юрий Красножан құраманың басшысы деп есептеледі. 2013 жылы 30 желтоқсанда жазылған келісім-шарт бойынша, ол секунд сайын 11,5 доллар табады.

Похожие материалы