Экономика
Ең бай отбасы рейтингінде Гейтс - бірінші, Цукерберг - соңғы орынға жайғасты
Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс пен оның жұбайы әлемдегі ең бақуатты жұп деп танылды. Бұл жөнінде MarketWatch жазады.
Wealth-X консалтингтік компаниясының зерттеуі бойынша, аталған отбасының дәулеті 85,7 миллиард долларға бағаланған. Екінші орынға жайғасқан испандық Inditex киім ретейлерінің негізін салушы Амансио Ортега әйелі Флора Переспен бірге 70,7 миллиард доллар табыс тапқан. Инвестиция саласының майталманы Уоррен Баффет пен жұбайы Астрид Менкстің отбасылық байлығы 65 миллиард долларға бағаланды. Рейтингтің төртінші және бесінші орындар американың өнеркәсіп қожайындарына бұйырды. Ағайынды Дэвид және Чарльз Кохилердің әрқайсының дәулеті 47,5 миллиард доллар. Ондықтың соңғы орындарында Марк Цукерберг пен әйелі Присцилла Чан (38,5 миллиард доллар) бар. 2015 жылдың қазан айында Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде бірнеше жыл бойы бас бәйгені бермеген Билл Гейтсті Zara дүкендер желісінің негізін салушы Амансио Ортега бір орынға ысырған еді. Оның жалпы дәулеті 79,7 миллиард доллар деп бағалаған.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





