Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды табысты жүзеге асыру көбіне-көп мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті жұмыс және бақ-береке тіледі.
Фото: akorda.kz