Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

2016 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ынтымақты зейнетақы төлемі мөлшерінің жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстелуі қарастырылады.  Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, тұтыну бағасының индексі 6-8%-ды құрады. Сол себепті келесі жылдың қаңтар айынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемінің мөлшері 9%-ға артатын болады (7% - инфляцияның орташа деңгейі және 2% - ілгерілеу)», - делінген хабарламада. Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемі «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен 11 965 теңге көлемінде белгіленді, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге болды. Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері (ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 37 789 теңге болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы  Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25%-ға өседі. Еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң көлемі 7%-ға артатын болады. Қазақстанда 2015 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес 1,9 млн-ға жуық зейнеткер бар, сондай-ақ, шамамен 664,6 мың азамат жәрдемақы алып келеді. Фото:аltaynews.kz

Похожие материалы