Сауд Арабия әлемдегі ең ірі Saudi Aramco мұнай компаниясын IPO-ға шығаруды қарастырып жатыр. Бұл туралы Сауд Арабияның екінші мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман бин Әл Сауд The Economist сайтына берген сұхбатында хабарлады.
"Өз басым бұл қадамға өте қуаныштымын. Мен Aramco-ға деген қызығушылықты Сауд Арабия нарығына деген қызығушылықпен бірдей деп есептеймін",- деді ханзада. Компанияның биржа нарығына шығуы оның қаржыылық көрсеткіштерін барынша айқындай түседі. Айта кетейік, Saudi Aramco — өзінің табысы туралы бірде-бір ақпарат көрсетпеген әлемдегі ең жабық мұнай компаниясы. Осылайша, Сауд Арабиясы мұнай бағасының құлдырауына байланысты мемлекет бюджетін теңдестіру істерін жүргізіп жатыр. Ел экономикасына Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығыстың өршуі әсер етті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024