Әлемнің бай адамдары 2016 жылдың басында соңғы 120 жылда болмаған ең нашар биржа саудасының әсерінен 194 млрд доллар жоғалтты, деп хабарлайды Bloomberg.
Ғаламның 400-ге жуық бай адамдары қор нарығының әлсіреуі мен Қытай биржасындағы құлдыраудан және мұнай бағасының төмендеуінен осындай шығынға ұшырап отыр, деп жазады gazeta.ru.
Bloomberg Billionaires индексінің есебі бойынша, 47 миллиардер 1 млрд доллардан аса қаржы жоғалтқан. 400-ге жуық ірі бизнесменнің шығыны сауданың алғашқы аптасында 3,7 млрд долларды құрады. Ең көп шығын шеккен бай 400 адамның төрттігінде тұрған Amazon.com-ның негізін қалаушы Джефф Безос болды. Оның шығыны - 5,9 млрд доллар. Ал рейтинг көшбасшысы Билл Гейтс 4,5 млрд доллардан айырылды. Ал үшінші орында Inditex-тің негізін қалаушы испандық Амансио Ортега. Оның шығыны - 3,4 млрд доллар.Фото: rln.fm
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024