Осы жылы сайлау өткізуге республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы пленарлы отырыстан кейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Бірақ мәжіліс сайлауына нақты қанша қаржы жұмсалатындығын атаған жоқ.
"Бізде жыл сайын бюджеттен сайлауға 4 млрд бөлінеді. Сенаттағы, мәжілістегі, мәслихаттағы өзгерістер, қайта сайлау немесе басқа да шығындар - барлығына осы. 2016 жылы бізде 4 млрд қарастырылған", - деді Б.Сұлтанов. Дегенмен оның сөзінше, парламент сайлауына қанша қаржы жұмсалатындығы "әлі есептелмеген". Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары бірауыздан мәжілісті тарату туралы шешім қабылдап, Президентке ұсыныстарын жолдады. Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтың түсіндіруінше, бұл процесс дағдарыс кезінде сайлау науқанын ұзартпай, шығындарды қысқарту мақсатында жүргізіліп отыр. Фото:kursiv.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024