12 қаңтарда ОПЕК елдеріндегі мұнай қоржынының бағасы барреліне 1,31 долларға арзандап, 25,76 доллар болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2003 жылы тіркелген.
11 қаңтар күні ОПЕК елдерінің мұнай бағасы 27,07 долларға түскен болатын.
Сонымен қаңтар айына арналған мұнайдың баррель бғасы 29,35 долларды құрайды.
2015 жылы ОПЕК елдеріндегі мұнай қоржынының орташа бағасы барреліне 49,49 доллар болған. 2014 жылы — 96,29 доллар, 2013 жылы — 105,87 доллар. Қоржын бағасы 2014 жылдың қыркүйек айында 100 доллардан төмендеп, 95,98 долларды құраған еді.
2012 жылы орташа баға 109,45 доллар болған. 2011 — 107,46 доллар, 2010 жылы — 77,45 доллар. Мұнай қоржынының бағасы рекордтық деңгейге 2008 жылдың 3 шілдесінде жетті. Бұл кездегі ОПЕК елдеріндегі мұнай бағасы барреліне140,73 долларды құраған. ОПЕК елдерінің коржын бағасы картельге қосылған төмендегі мұнай сорттарының орташа арифметикалық бағасы бойынша анықталады: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Саудо Арабия), Murban (ОАЭ) и Merey (Венесуэла). Фото: ria.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024