Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазпочта Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болды

Қазпочта Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болды

«Қазпочта» АҚ Байланыс орталығының телефоны тәулік бойы қолжетімді болатын режимге ауысты. Бұл туралы «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Байланыс орталығы компанияның қызметтері жайлы толық мәліметті ұсынып, бөлімшелердің, постаматтардың және банкоматтардың мекенжайы мен жұмыс істейтін уақыты жайлы сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалып, клиенттер «EMS Kazpost» курьерін шақырып, қызмет көрсету келісім шартына тапсырыс беріп, төлем картасы бойынша операцияларды іске асыра алады. «2015 жылда орталық сенім телефоны арқылы 300 мыңнан астам қоңыраулар қабылданды. Шағым сайттары мен әлеуметтік желілердегі компания парақшаларында, Байланыс орталығының қызметкерлерімен 20 мыңнан астам ұсыныстар мен шағымдар өңделді, ал 2 минут ішінде «Қайта қоңырау шалу» қызметімен 6 мыңнан астам клиент қолданды» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті. Компанияның ресми сайтындағы трекингпен қатар, клиенттер сәлемдемелерін «Telegram» мессенджері арқылы қадағалай алатын, ал енді дәл сондай қызмет «WhatsApp» мессенджерінде +77770001499 нөмірі бойынша қолжетімді. Қазақстан бойынша, қалалық және ұялы телефондардан 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалу тегін. Сапаны қадағалау үшін, барлық қоңыраулар жазылады, соңында әр клиент көрсетілген қызмет үшін баға бере алады. Фото:banks.artnet.kz

Похожие материалы