Б. Сағынтаев транзиттік тауарлар Ресейді айналып өту арқылы жеткізілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан транзиттік тауарларды Ресейді айналып өту арқылы жеткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Астанада өткен брифингте вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Оның айтуынша транзит маршруты көптен бері жұмыс істеп келеді. Ал келісімге Украина жақында ғана қосылған.
"Ресей Украинамен сауда қатынасын үзгеннен кейін Қазақстан, Әзербайжан және Грузия мемлекеті ресейліктерге қатысты ешқандай түсініксіз саясат енгізіп жатқан жоқ", - деді ол.
Вице-премьер Украина тауарларын Ресей арқылы жеткізуде қиындықтар болғанын еске салды. Үкімет мүшесі Ресей бастапқы кезде транзитті мүлде жауып тастауды ұсынғанын атап өтті. "Қазіргі уақытта Ресей тауарларды Белорусь арқылы өткізуді анықтады. Ол жерде өткізудің екі бөлімшесі, Қазақстанда 3 бөлімшесі бар. Олар Қостанай, Батыс Қазақстан және теміржол бөлімдері. Жүктер пломбаланған және қажетті талондар беріліп, біздің шекарамызда кедендік одақ қызметі жүктерді қабылдап жатыр", - деді ол.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанға аталған бөлімдер арқылы 8 жүк көлігі келді. "Теміржол маршруттары арқылы кондитерлік өнімдер мен астық өндірісі тауарлары жеткізілуде. Алдағы уақытта да осы сызба арқылы реттеле береді", - деді вице-премьер.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға Украина тауарлары Ресейді айналып өту арқылы жеткізілетіні туралы хабарланған болатын.
Фото: newskaz.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024