Константин Федорец Beeline Қазақстан компаниясының Операциялық тиімділік директоры болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның Қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.
«Beeline компаниясының алдында күрделі міндеттер тұр, тиімді бағаға сапалы қызметтерді көрсете отырып, клиенттердің қажеттіліктеріне сай болу керек. Константин Федорецтің басты міндеті – тиімділікті жоғарылатуға, бизнес-үдерістерді оңтайландыруға бағытталған түрлендімелі бағдарламларын және басқа да бастамаларды енгізу. Заманауи нарық жағдайында әр аспект бизнестің дамуына үлкен әсер етеді»,- деді Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров. «Телекоммуникация саласы – бәсекелестігі жоғары және қарқынды дамушы нарықтың бірі», - деп Константин Федорец өз пікірін білдірді. «Менен басшылық күткен шешімдер, нарық талап еткен шарттарға сай болуы керек. Жаңа лауазымға шақырғаны үшін алғысымды білдіремін, компанияның сәтті жұмыс істейтініне сенімдімін!» Константин 1968 жылы 23 шілдеде Түркіменстанның Иолотань қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Челябі медицина академиясын бітірген, ал 2010 жылы профессор INSEAD Anthony P. Hourihan стратегиялық менеджмент курсын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «British American Tobacco» компаниясында сату өкілі болып бастаған, одан соң аймақ менеджері болған. 2001 жылдан бастап «Johnson&Johnson Consumer Kazakhstan&Kyrgyzstan» компаниясының басқарушы директоры болды. 2009 жылы Орта Азия аймағында «Wimm Bill Dann» компаниясына жетекшілік етті. Константин Beeline Қазақстанға 2013 жылы шілдеде Бас коммерциялық директордың орынбасары ретінде қосылды, ал 2014 жылғы сәуірден бастап «Азбука связи» («КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС) аса ірі салондар желісін басқарды. 2016 жылы 18 қаңтардан бастап Beeline Қазақстан компаниясының Операциялық тиімділік директоры лауазымына тағайындалды. Операциялық тиімділік дирекциясының міндеті - компанияның бизнес үдерістерін оңтайландыруға және шығындарын төмендетуге бағытталған түрлендірмелі бағдарламалар мен басқа да бірқатар бастамаларды енгізу.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024