30-дан астам ел халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан хабарлады.
Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, бүгінде 33 мемлекет көрмеге қатысатындығын растады. Олардың ішінде Әзірбайжан, Ангола, Армения, Беларуссия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Малайзия, Маршалл аралдары, Монако, Ресей, Румыния, Түркия, Франция, Швейцария, Жапония және басқалары бар. Сондай-ақ Азия және Тынық мұхитының экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК), Даму және экономикалық серіктестік ұйымы (ДЭСҰ), ЮНЕСКО (UNESCO) және Өндірістік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО) тәрізді 4 халықаралық ұйым қатысатындықтарын нақтылады. Әзірбайжан, Армения, Вануату, Гондурас, Куба, Маршалл аралдары, Франция, Қырғызстан, Гренада, Либерия және халықаралық АТМЭӘК ұйымының 11 секция комиссарлары бекітілді. "16 ел Астанадағы көрмеге қатысуға ниеттерін білдірді. Олар Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Испания, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Мадагаскар, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Швеция және Өзбекстан", - деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017». Барлығы кемінде 100 ел, 10 халықаралық ұйым және инновациялық технологиялардың көшбасшысы атанған 10 компания қатысады деп жоспарланып отыр. Ұлттық компаниядан түсіндіргендей, 2013 жылдан бері көрменің дайындығына 242 млрд теңге бөлінді. 2013-2014 жылдар аралығында 88,1 млрд теңге игерілді. "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне тартылған жалпы инвестиция көлемі 171 млрд теңгені құрайды. Олардың 37 млрд теңгесі шетелдік инвесторлар арқылы алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024