Қазақстан алдағы жарты жылда Қытайға ет экспорттайтын болады. Бұл жөнінде "Актеп" компаниясының директоры Нұрлан Сағыналин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, фермерлердің басты мәселесі - өткізу нарығының болмауы. "Бұзауды бағып, өсіру ешқандай қиын емес. Бірақ, оны сату жағы мәселе. Айтар жақсы жаңалығымыз бар. Ел үкіметі Қытаймен арадағы шекараны ашу туралы келісімге келді. Осы жарты жылдықта Қазақстан Қытайға ет экспорттап бастап кетуі де мүмкін", – дейді Сағыналин.
Inalca Eurasia компаниясының өкілі Андрей Вакулиннің сөзіне сүйенсек, Қазақстан өзін етпен қамтамасыз етіп отыр дегенімен, шетке шығаратын өнімнің сапасы сәл басқаша болуы тиіс екен. "Қазіргі бар тәжірибемізді пайдалана отырып, көрші елдерге біздің еттің жақсы екенін көрсете аламыз деп сенемін", – дейді ол.
Қазақстан мен Қытай арасында ҚР-дан ҚХР-ға мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға қойылған шектеуді алып тастап, қытай нарығына сиыр және қой етін кіргізу мәселесі қаралуда.
Естеріңізге сала кетсек, итальяндық Inalca Eurasia компаниясы Қазақстанның мал шаруашылығына 100 млн еуро инвестиция салған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024