Экономика
2015 жылы МӘСҚ-дан қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 112,7 млрд теңге бөлінді
2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 112,7 млрд. теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылы МӘСҚ-нан жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 112,7 млрд. теңге төленді. Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2015 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 50,97 млрд. теңге сомаға 173 230 әйелге берілді. Фото: kstnews.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024