Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мерзімінен бұрын болатын сайлауда 5 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделмек

Мерзімінен бұрын болатын сайлауда 5 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделмек

Үкімет 2016 жылы өтетін  мәжіліс және маслихатты сайлау кезінде 3 мдрд-тан 4,8 млрд-қа дейін қаржы үнемдейді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өкілдері Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың сөзінше, наурыз айының 20-да өтетін сайлауға 8 млрд теңге жұмалады деп жоспаранған. Сондай-ақ, ол сайлау жеке өткізілген жағдайда қазынандан 12 млрд теңге жұмсалатын еді дейді.

"Мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлау үшін 7 млрд 985 млн теңге қажет. Мәжілісті сайауға 4,8 млрд теңге бөлінген. Ал маслихат сайлауына негізінен 6 млрд теңгедей қаржы кетеді. Ал сайлауды бірігіп ұйымдастыру 3 млрд теңге көлемінде қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді" - деді Орталық сайлау коммиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыға қол қойды. Сайлау 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді.

Фото: news.caravan.kz

Похожие материалы