Банк салымшыларын 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» атты дағдарысқа қарсы бағдарламаны дайындап шығарды. Бұл бағдарламаның бірнеше артықшылықтары бар. Алматы және Астана қаласының тұрғындарына соңғы 2 жылда тіркеуде болуы міндеттелмейді.
Бағдарлама 3 бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі, мемлекеттік-жеке серіктестік және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен, екінші деңгейлі банктер және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
«Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылықтары - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына толықтай басымдық беріледі, бір шаршы метріне төмен баға қарастырылып, валюта бағамдарына тәуелсіз болмақ және үй сатып алу кезінде ерекше талаптар қойылмайды. Бағдарламаға Банктің кез-келген клиенттері қатыса алады, алайда бірінші болып үй сатып алу құқығына баспанасы жоқ салымшылар ие болады. Аталған жобаның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынан бір айырмашылығы – салымшылардың Алматы және Астана қалаларында соңғы екі жылда тіркеуде тұруы міндетті емес.
Қазіргі уақытта Бағдарламаның әр шаршы метрге орташа көрсеткіші 180 мың теңгені құрап отыр. Қарыз төлемінің жылдық пайызы 5-10% аралығында. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша жасалатын жұмыс көлемі 350 мың шаршы метрді құрамақ. «Өз үйім» Бағдарламасы аясында барлығы 1,5 млн. ш.м. үй салу жоспарланып отыр.
Аталған бағдарлама Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына керемет қосымша болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары осы бағдарлама арқылы баспананы қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізбек. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі - салымшылар ашық түрде дауыс беру арқылы құрылыс компаниясын және баспана жобасын өздері таңдайды. Бағдарламаны Банк жеке қаражатынан қаржыландырады.
Осы жылы «Жас отбасыларға арналған үйлер» және «Халықтың барлық санатына арналған үйлер» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метрді құрайтын келісім жүзеге асады. Мемлекеттік бағдарлама аясында да баға тұрақты. Бір шаршы метр үшін өңірлерде бекітілген баға 90-110 мың теңге болса, ал Астана мен Алматы қалаларында 143 мың теңге болмақ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024