"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясынан 1,8 млрд теңге ұрланған. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдеріне" берілген талондар манипуляциясының нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Казақпарат.
«Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бап, 4 тармағындағы жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. "ҚМГ Өнімдері" ЖШС қауіпсіздік қызметтінің тексеруі кезінде жұмысшылар тарапынан АИ-95, АИ-92, АИ-80 маркалы жанармай мен дизельдің жалған талондары арқылы ұрланғаны және бухгалтерлік есептің бұрмаланғаны анықталды", - делінген Астана қаласындағы мемлекеттік кіріс департаменті таратқан хабарламада. "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес компаниясына келген залал 1,8 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сараптамалық зерттеу құрылып, аталған іске қатысы бар тұлғаларға қатысты оперативті тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: azskmg.kz
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





