Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жұмыссыздар саны 443 мыңға дейін өсті

Қазақстанда жұмыссыздар саны 443 мыңға дейін өсті

2015 жылы 13 мың қазақстандық жұмыстан қысқартылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов баспасөз мәслихатында хабарлады.

Алайда ол қай салада ең көп қысқарту болғанын айта алмады. "Мен қай салада қанша қысқарғанын айтпаймын, бірақ біздің жалпы өткен жылғы жергілікті органдармен байлансып бақылауымыз бойынша, кәсіпорындар ресми түрде 13 мың жұмыскерлерін қысқартқан. (...) Ал 2016 жылдың қаңтар айында 758 адам жұмысынан қысқартылды",- деді Б.Нұрымбетов. Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы жұмыссыздар саны 443 мың болды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны  2,34 млн адамға жетті. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы банктер мен құрылыс компаниялары 600-ден аса жұмыскерін қысқартқан еді. Фото: kursiv.kz

Похожие материалы