Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыға жаңа 100 автобус сатып алынады

Алматыға жаңа 100 автобус сатып алынады

2016 жылдың бірінші жартысында Алматыға ресейлік өндірістің 100 жаңа автобусы сатып алынады. Бұл туралы отандық инвестор деп саналатын "Eurasian Trans Limited" ЖШС компаниясынан хабарлайды. 

"Бірінші жартыжылдықта біз Алматыға "Русские автобусы - Группа ГАЗ" Ликовтық автомобиль зауытынан автобус сатып әкелуді жоспарлар отырмыз. Жаңа көліктер еуропалық стандарттарға сай болады",-деді "Eurasian Trans Limited" компаниясының өкілі Білісбеков Абзал. Осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек алғашқы жартыжылдықта ЛиАЗ маркасының 200 көлігі сатып алынады деп хабарлаған еді. "Біз жаңа инвестордың "Алматыэлектротранстың" 70% үлесін сатып алғанына қуаныштымыз. Бірінші жартыжылдықта бюджет есебінен емес, жеке қаржыдан 200 жаңа автобус сатып алынады. Сәуір айында ЛиАЗ маркалы 20 автобус келмек. Қазіргі маршруттағы автобустардың 12-15 пайызын пайдалануға болмайды. Олар өмірімізге қауіп төндіреді, енді ескі транспорттың жаңа автобустар келеді",-деді әкім.
Фото:alashainasy.kz

Похожие материалы