ҚР Парламентi Сенатының палата отырысында "Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Вьетнам Социалистiк Республикасы арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.
«Қазақстан Вьетнамға қорғасын мен асбет тасымалдайды. Ал Вьетнамнан бізге ұялы телефондар мен компьютерлер, спорт киімдері, аяқ киімдер келеді. Аталған келісім бойынша нөлдік мөлшерлемемен Вьетнамда сұранысқа ие тауарларды экспорттай аламыз. Ең бірінші экспаортталатын тауарлар - ұн, бидай және қара металдар. Біраз уақыт бұрын вьетнамдық өкілдер мен қазақстандық "ҚазАлко" алкоголь өнімдерін Вьетнамға жеткізу туралы келісімге қол қойды", - деді Мұрат Құсайынов.
Оның сөзінше, Вьетнам мен ЕАЭО арасындағы еркiн сауда туралы келiсiм экспорттық кедендiк баж салығын жоюды қарастырмайды. Олар басқа үшiншi елдерге экспорттау кезiнде қолданылатын неғұрлым қолайлы режим мөлшерлемелерi бойынша алынады.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда көлемі 200 млн долларды құрайтынын атап өтті. Оның ішінде Вьетнамнан келетін импорт көлемі 190 млн доллар болса экспорт 10 млн долларды құрайды.
Фото: kbc.kz