500 еуро номиналындағы банкноталар айналымнан алып тасталынуы мүмкін. Бұл туралы ЕО-тың қаржы министрлерінің кездесуі аясында Нидерландының қаржы министрі Йерун Дейсселбулм мәлімдеді.
"Қазір біз терроризмді қаржыландырумен күрес жүргізіп жатырмыз. Еуропаның Орталық Банкіне 500 еуро номиналындағы банкнота мәселесін қарауды ұсынамыз. Мұндай ірі көлемдегі банкноталар қолма-қол ақша тасымалдау кезінде қолданылып, терроризмді қаржыландыруда жеңіл пайдаланылады",-деп мәлімдеді министр. Еуропа Орталық Банкінің мәліметінше, өткен жылы айналымда болған 1 трлн еуроның 30%-дан астамы 500 еуро номиналындағы банкноталар. Салыстыру үшін Америкадағы ең ірі банкнота - 100 доллар, ал Ұлыбританияда - 50 фунт стерлинг.
Осыған дейін Гарвард мектебінің ғылыми қызметкері Кеннеди Питер Сэндс 100 доллардан бас тарту туралы ұсыныс білдірген еді. Оның сөзінше, осы арқылы ірі сомада ақша тасымалдап жүретін алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қоюға болады.
Фото:newinform.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024