"Абу-Даби Плазадағы" өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазір қылмыстық ісі қозғалып, құрылыс алаңындағы өрттен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін "НикаСтройСервис" ЖШС-нің инженерлік қызметкерлері тергеуге шақырылды. Конструкцияларды салқындату мақсатында ғимаратқа су құйылып жатыр. Өрт сағат 10:44-те өшірілді. Ведомтсвоның хабарлауынша, "Абу-Даби Плазадағы" өрт туралы хабарлама 13 ақпанда 4:40-те келіп түсті, 10 минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнында болды. Өрт сөндірушілер келгенде от 11-25 қабаттар аралығында болған. Ғимараттан 150-ге жуық адам көшірілді. Жалынды өшіруге 27 өрт сөндіру-құтқару техникасы, 12 қосымша техника және 112 адам жұмылдырылды. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024