Экономика
Экономика1
Мұнай бағасы тағы төмендеді, Brent $33 сатылуда
Жұма күнгі мұнай бағасы күрт 12%-ға көтерілгеннен кейін, дүйсенбі күні баға қайтадан төмендеді. Бұған Еуропаға алғашқы ирандық мұнайдың жеткізілуі туралы жаңалық себеп болды.
ICE Futures Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 33,12 долларға бағаланды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
WTI маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерсі Нью-Йорк тауар биржасында барреліне 29,18 долларға дейін арзандады.
Сондай-ақ, Ирандық ресми тұлғалардың айтуынша, санкцияны алып тастағаннан кейін, мемлекет мұнай өнімін күніне 400 мың баррельге дейін өсірген екен.
Фото: surak.szh.kz