Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған бағасы барреліне 32,47 долларды құрады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Лондонның ICE Futures биржасында 16 ақпан күнгі баға біраз төмендегенмен, Иранның мұнай деңгейін тұрақты ұстау туралы келісімге қатыспайтыны мәлім болған соң баға 0,9%-ға қайта өсті.
Ал WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы Нью-Йорк қор биржасында (NYMEX) 0,4%-ға көтеріліп, барреліне 29,16 доллар болды.
Айта кетейік, 16 ақпан күні Ресей, Сауд Арабиясы, Катар және Венесуэла мұнай деңгейін тұрақты ұстап тұру туралы келісім жасады. Келісімге қатысқан мемлекеттер алағы уақытта бірігіп күніне 23,75 млн баррель мұнай өндіреді. Бұл әлемдік мұнай нарығының 25%-ын құрайды.
Фото: ortcom.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024