Ресейдің энергетика министрлігі Қазақстан көмірін тұтыну мөлшері бойынша болжам жасауда
Жақын арада Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі Қазақстандық көмірді тұтыну мөлшерінің болжамын жариялайды. Бұл туралы РФ Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Яновский сенбі күнгі Красноярск қаласында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
А.Яновскийдің айтуынша, болжам 2022 жылға дейінгі аралықты қамтиды. «Алдағы бірнеше аптада аяқтауымыз қажет. Біз осыдан кейін ғана Қазақстандық көмірдің тұтыну деңгейінің қаншалықты төмендейтінін түсіне аламыз», - деді ол.
Анатолий Яновскийдің сөзінше, 2022 жылға дейінгі болжам Ресей Федерациясының электр энергетика саласын дамытудың бас жоспарына және ресейлік компаниялардың нақты қажеттіліктеріне негізделетін болады.
«Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта квоталар немесе баж салығын енгізу секілді шектеулер қарастырылмаған», - дейді А.Яновский.
Сонымен қатар, вице-министр ресейлік басты компаниялар экономикалық орындылыққа ғана назар аударып, энергоблоктарды қайта құруға байланысты инвестициялық шешімдерді қабылдайтынын атап өтті. «Яғни, Екібастұз көмірін сатып алу тиімді емес болып, кузбастық көмірді таңдаса олар белгілі бір шешімдерді қабылдайды. Соңғы 10 жылда Ресей Федерациясы аумағында Екібастұз көмірін тұтыну көлемі үнемі қысқаруда», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, Қазақстаннан көмірді экспорттау 2015 жылы 4%-ға төмендеген. Ресей Энергетика министрлігінің түсіндіруінше ресейлік электростанциялар Қазақстандағы көмірді сатып алудан көлеміне байланысты бас тартуда. Ал ҚР Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, мұндай бас тарту Ресей жағынан электр және жылу энергиясын өндірудің негізгі отыны - көмірге деген сұраныстың төмендеуі мен импортты алмастыру саясатына байланысты.
Еске сала кетейік, өткен жұмада Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев Қазақстанның көмірін ішкі нарыққа кіргізбеу туралы Сібір федералды округінің президенті Николай Рогожкиннің өкілетті өкіліне арызданған еді.
А.Төлеевтың айтуынша, Қазақстаннан Ресей Федерациясына жыл сайын 20 млн тонна Екібастұз көмір импортталады, ал Кузбас қоймаларында 15 млн тонна көмір жинақталып қалған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024