Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оман мұнай өндіруді рекордтық деңгейге ұлғайтты

Оман мұнай өндіруді рекордтық деңгейге ұлғайтты

Оманда орташа тәуліктік мұнай өндіру соңғы үш айда 1 миллион баррельден асты. Бұл туралы елдің мұнай және газ министрінің орынбасары Салим аль-Ауфи Вloomberg агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.

Дегенмен өндірістің өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген, қазіргі баға барреліне кем дегенде 9 долларды құрайды. «Басты мәселе қаржы тартуда емес, мұнай бағасында болып тұр», - дейді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Оманның мұнай және газ министрі ОПЕК елдері мен картельге мүше емес мұнай өндіретін мемлекеттер ортақ келісімге келсе, мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге төмендетуге дайын екендігін мәлімдеген еді.

Похожие материалы