"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры АҚ спорт жобаларын қаржыландыруды біршама қысқартады. Бұл жөнінде қордың басқарушы директоры Дархан Қалетаев мәлімдеді деп хабарлайды inform.kz.
«Спорт жобаларына қаржылай қолдау көрсетуді азайтамыз. Бірақ бұл жобалар жабылады дегенді білдірмейді. Қысқартулар өте үлкен көлемде болады», — дейді Қалетаев. Оның айтуынша, қазіргі кезде осы мәселе бойынша талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Біздің қордың акционері Үкімет екенін өздеріңіз де білесіздер. Қазір Министрлер кабинетімен бірлесе отырып, спорт жобаларын қаржыландыруды қысқарту мәселесі қаралып жатыр. Мен әзірге тек көлемнің біршама үлкен болатындығын ғана айта аламын", — дейді қордың басқарушы директоры.
Естеріңізге сала кетсек, "Самұрық-Қазына" қоры "Астана" кәсіби спорт клубын қаржыландырады. Оның құрамында қазақ спортының біршама ірі жобалары ("Астана" футбол клубынан бөлек, "Барыс" хоккей клубы, Pro Team Astana велотобы, Astana Arlans боксшылар клубы және т.б) бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024