Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Самұрық-Қазына "ҚМГ Қашаған Б.В" акцияларына 4,9 млн доллар қаржы салды

Самұрық-Қазына "ҚМГ Қашаған Б.В" акцияларына 4,9 млн доллар қаржы салды

 "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесі 2015 жылдың 10 желтоқсанында "Қашаған " "ҚМГ Қашаған Б.В" жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы (ЖШЖК) акцияларын сатып алу туралы келісім жасаған. Келісімге 2016 жылдың 24 ақпанында қол қойылды. Бұл туралы KASE-нің сайтында жарияланған қордың ресми хатында жазылды.

Мәміле туралы хабарламада мүлікті сатып алу құны 4,9 млрд теңгені құрайтыны туралы айтылған. Ал мүліктің "Самұрық-Қазына" АҚ активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы 0,02%-ды құрайды.

Айта кетейік, «ҚМГ Қашаған Б.В" ЖШЖК-ның 16,88%-ы "Қашаған" кен орнына тиесілі. Сондай-ақ, 2015 жылдың шілде айында "ҚазМұнайГаз" Қашағандағы 50% үлесін "Самұрық-Қазынаға" сатуды жоспарлағаны туралы айтылған.

Похожие материалы