Экономика
1 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасы сауда-саттық регламентін өзгертеді
Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 01 наурызынан бастап Қазақстан қор биржасында есептесуі T+1 (USDKZT_TOM) сызбасы бойынша АҚШ долларымен сауда-саттық жүргізу регламенті өзгерді. Бұл туралы биржа сайты хабалады.
"Аталмыш шешіммен USDKZT_TOM сауда-саттық алматы уақытымен сағат 10.15-тен 11.00-ге дейін және 11:30-дан 15:30-ға дейін күндізгі сессия аясында жүргізіледі. Сауда-саттық жүргізу регламенті нарыққа қатысушылар үшін сауда-саттық сервисін кеңейту мақсатында өзгертілді. Бұрын USDKZT_TOM құралдарымен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында тек күндізгі сессия аясында алматы уақытымен сағат 11:30-дан 15:30-ға дейін жүргізілді, сондай-ақ АҚШ-та мереке күндері ғана USDKZT_TOM таңертеңгілік және күндізгі сессияда жүргізілетін. Тиісті өзгертулер KASE ішкі құжаты "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс Регламентіне" енгізіледі, ол туралы қосымша хабарланады",- делінген хабарламада.